Негізгі өзгерістер
Заң жауапкершілікті қатаңдатуға, суицидтің алдын алуға, отбасы институтын нығайтуға, барлық түрдегі және нысандағы интернаттық ұйымдарға ескертусіз мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Негізгі өзгерістер:
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін – 200 АЕК айыппұл немесе 200 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу;
Ұрып соққаны үшін – 80 АЕК дейін айыппұл немесе 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту немесе
25 тәулікке дейін қамауға алу;
Әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың мінез-құлқына байланысты соттың шешімі бойынша ерекше талаптарды бекіту:
психологиялық көмектен өту
ерекше жағдайларда агрессорға жәбірленушімен бірге бір үйде тұруға тыйым салу.
Азаптағаны үшін – 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
Денсаулыққа ауыр зиян келтіру 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
Денсаулыққа орташа зиян келтіргені үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
Педофилия (жас баланы зорлау) – өмір бойы бас бостандығынан айыру;
Жас баланы өлтіру – өмір бойы бас бостандығынан айыру.
Заң тағы нені өзгертеді?
Сонымен қатар, заңға енгізілген түзетулер өз-өзіне қол жұмсағаны, өзін-өзі өлтіруге итермелегені немесе өз-өзіне қол жұмсауға ықпал еткені үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырады – 3 жылға дейін шектеу/бас бостандығынан айыру. Кәмелетке толмағанға қатысты – 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Заң жаңа құрамды енгізуді ұсынады – суицидті насихаттау. Бұл үшін қылмыскерге 200 АЕК дейін айыппұл салынады. Егер үгіт-насихат өзіне-өзі қол жұмсауға итермелесе, 1 жылға дейін бас бостандығынан шектеу/ айыру, егер ол өз-өзіне қол жұмсауына әкеп соқтырса 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Сондай-ақ, отбасы институтын нығайту мақсатында отбасы-неке заңнамасының жаңа қағидаттары енгізілуде. Олар дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғауға, сақтауға, нығайтуға және ілгерілетуге, ұлттық және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды құрметтеу тұрғыда балалардың моральдық және рухани тәрбиесін қамтамасыз етуге бағытталады.
Сондай-ақ, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру жөніндегі құзыреттері айқындалды, олар отбасы институтын нығайту жөніндегі негізгі нысаналы индикаторларды бекітуге, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды анықтауға және оларға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.
Заңның тағы бір маңызды бағыты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді еліміздің облыстарының әрбір ауданында Отбасын қолдау орталықтары ашылады. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте кезден анықтау бойынша мобильді топтар құрылады.