Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

«7 ай бойы өзгенің баласына сүтімді бердім»: Толқын Забирова алғаш ана атанған кезін есіне алды

Поделиться:

 

Өнер иесі анасы қайтыс болған сәбиге сүтін берген.

“Диярды босанғаннан кейін, педиатр келіп тексерді. Кеш болды да, «біз баланы шомылдыруымыз керек» деп айттым. Сосын шөпке, суға, сүтке шомылдыратынын айттым. Өзімнің сүтімді банкаға жинап қойған едім. Оның көзі түсіп кетті де «сіз бақытты анасыз ғой» деді. Кетіп бара жатқан кезде өтініш айтқысы келетінін байқадым. «Білесіз бе, ауруханада әріптесіміз босанып, өзі қайтыс болды да, баласы қалды. Сол балаға сүт іздеп жүр едім, сіз бере аласыз ба?» деді. «Сонда мен оны емізуім керек пе?» деп сұрадым. «Жоқ, оның сіңлісі бар, сол сізден күнде келіп, сүт әкетіп тұрады» деді. Бірден келістім. Қатты қуанғаннан ол жылап жіберді. Сөйтсем, ешкім рұқсатын бермеген екен», – деді әнші.

Алайда эстрада жұлдызы 20 жыл бұрынғы оқиға екенін айтып, әлі күнге дейін баланы көрмегенін айтты.

“Сөйтіп, 7 ай бойы омырау сүтімді басқаның баласына беріп отырдым. Кейін бала 9 айға толғанда біздің үйге әкеліп, әжесі, папасы көрсетті. Олар Шығыс Қазақстан өңіріндегі Күршім деген жерден екен. «Сол жаққа апарамыз» деді. Одан кейін ешкім хабарласпады. 20 жыл өтті», – деп еске алды өнер иесі.

Еске салайық, әнші әкесін ешқашан көрмегенін айтып, көзіне жас алғанын жазған едік.

Сондай-ақ өнер иесі жолдасымен қалай танысқанын да айтып берді.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также