Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Қазақстанда су тасқынының алдын алуға 7 млрд теңге бөлінген: ақша қайда жұмсалды

Поделиться:

ТЖМ вице-министрі Бауыржан Сыздықовтан журналистер Қазақстандағы су тасқынының алдын алуға бөлінген 7 миллиард теңгені қайда жұмсағанын сұрады.

ТЖМ жауабы

«Мен түсіндіргім келеді, іс жүзінде 7 млрд теңге бөлінбеген. Қарастырылған. Оны дұрыс түсінуіңіз керек. Бұл қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерінде көзделеді. Бүгінгі таңда әкімдіктердің ақпараты бойынша бұл ақшадан 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Барлық қаражат су тасқынына қарсы күреске жұмсалады», — деді вице-министр.

Қаражат

14 наурызда брифинг барысында ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті басшысының міндетін атқарушы Алтай Мырзабаев жергілікті атқарушы органдар бүкіл ел бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлгенін айтқан еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также