Қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Елдос Сметов Ташкенттегі турнирдегі сәтсіздігінен кейін, олимпиада ойындарына ұпай беретін соңғы Grand Slam турнирінде белдеседі. 60 келіде белдесетін балуан үшін бұл аса маңызды додадалардың бірі болмақ. Өйткені Елдос биылдыққа еш бір “Үлкен дулыға” турнирлерінде жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Отандасымыз қазіргі таңда әлемдік рейтингте де, олимпиадалық рейтингте де 26-орында тұр. Сметов бұл додадағы дайындығын Ұлттық құрамамен бірге Анталья қаласында өткізіп жатыр.
Айта кетейік, Сметов соңғы рет Ташкентте өткен Grand Slam турнирінде сынға түсіп, ширек финалда грузин балуаны Лухум Чхвимианиге есе жіберген еді.