Бұл қаражат нарықтық жағдайда және қайтарымды негізде ұзақ мерзімді ірі жобаларға инвестицияланады.
«Бәйтерек» Ұлттық холдингі мен «Самұрық-Қазына» Мемлекеттік қоры обигациялары шығарылып, оны БЖЗҚ сатып алады.
Ұлттық банк қазіргі уақытта диверсификация және экономика өсіміне байланысты және импортқа тәуелділікті азайтатын жобаларды таңдау жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.
“Қаржыландыру 2024-2025 жылдары кезең-кезеңімен, жобаларды іріктей отырып жүзеге асады, — деп атап өтті бас банк.
Сонымен қатар «Бәйтерек» пен «Самұрық-Қазына» жобаларының жүзеге асырылу мерзімі әртүрлі болғандықтан облигациялары түрлі кезеңде, бірақ 15 жылдан аспайтын мерзімде шығарылады.
«Мұндай құралдар KASE-ке салынады. Оларды қызығушылық танытқан кез келген инвестордың сатып алу мүмкіндігі бар. Облигацияларды өтеу мерзімі бекітілген және жылына бір рет сыйақы купонымен төлем жасауға болады», — деп атап өтті Ұлттық банк.
Бұған дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қор болашақ зейнетақыны жоспарлаудың жаңа құралы – жеке зейнетақы жинақ жоспарын іске қосатынын мәлімдеді. Осылайша қазақстандықтар қалаған зейнетақысын алу үшін БЖЗҚ-ға қанша жарна салу керек екенін есептей алады.
Сондай-ақ Қазақстандықтардың зейнетақы жинағындағы 1,5 триллион теңге инфрақұрылымдық жобаларғажұмсалатыны айтылды.
2023 жылы БЖЗҚ-дан 500 млрд теңгеге дейін, ал 2024 жылы 1 триллион теңгеге дейін, оның ішінде «Қазақстан Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) және Индустриялық даму қоры АҚ арқылы бөлуді көздеп отыр.
Комментарии