«Қатысушылар «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын демонополизациялау барысын талқылады. Атап айтқанда, мобильді операторлардың бірін бәсекеге қабілетті нарыққа шығару процесі қарастырылды. Қазіргі уақытта әлеуетті шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылды», — делінген хабарламада.

Жалпы бұл шара халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, телекоммуникация саласының дамуына оң әсерін тигізеді делініп отыр.

Премьер-министр бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Отырыста сондай-ақ химия өнеркәсібіндегі және басқа да салалардағы бірқатар кәсіпорынның жұмысы талқыланды.