Formula радиостанциясы хабарлағандай, қарулы шабуыл Акапулько-Сихуатанехо федералды тасжолында болған.

«Герреродағы Коюка муниципалды полициясына жасалған шабуылда 13 полиция қызметкері қаза тапты. Кем дегенде тағы екі полиция қызметкері жарақат алды. Қазіргі кезде шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр», — делінген хабарламада.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқандар арасында бір әйел офицер, сондай-ақ муниципалды полицияның басшысы бар.