Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек саясаты департаменті директорының орынбасары Ботагөз Сыздықованың айтуынша, бөлінген қаржы алдағы жылға қажетті барлық дәрі-дәрмекке жетпейді.
«Қажеттілікті анықтау барысында, 2024 жылға дейін барлық дәрі-дәрмекке биыл қаражат жеткіліксіз екені белгілі болды. Сондықтан бұл тізім жобасына ең қажетті дәрі-дәрмектер және біз 2024 жылға бөлген қаражат шегінде енгізілген. Дәрілік заттар, инновациялық, биологиялық өнімдерге деген қажеттілік 2024 жылға арналған бюджет нақтыланған кезде көрсетіледі», – деді ол.
Комментарии