Марат Омаров өзінің Instagram-дағы парақшасында түсірілім барысындағы қысқа бейнежазбалармен бөлісті.
“Сүйінші Қазақ елі! Менің әкем АҚШ-тағы Голливуд киноиндустриясында шытырман оқиғаға толы «Малена» фильміне түсуде. Негізі әкемнің үнемі ізденімпаздығына таң қаламын. Бір орнында отырмай жаңа дүниелерді ашып жүреді. Әкем үшін қатты қуаныштымын. Сізге шығармашылық табыс тілеймін. Қазақ елін жағымды жаңалықтармен таң қалдырудан, қуантудан шаршамаңыз”, – деп жазды Зарина Омарова.
Марат Омаровтың өзі де оқырманға фильм жайлы қысқаша мәлімет берді.
“АҚШ-тағы Голливуд киностудиясында түсіріліп жатқан “Малена” кино туындысына актер ретінде шақырту алдым және қазіргі уақыта түсірілім жұмыстары жалғасуда. Кинода Мексикадан Америка шекарасына өтпек болған Малена есімді қыздың басынан өткізген қиындықтары туралы сипаталады. Алдағы түсірілім барысымен осында бөлісіп отыруға тырысамын”, – дейді Марат Омаров.
Комментарии