«Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде 8 кәмелет жасқа толмағандар», — делінген хабарламада.
Еске салайық, 21 тамызда Сырдария өзенінде 11 адам суға батып кеткен болатын. Олардың барлығы бір әулеттің өкілдері болып шыққан.
ТЖМ өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайды.
Комментарии