Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Қарағанды облысында қаржы пирамидасын құрған әйел сотталды

Поделиться:

Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қарағанды қаласы мен Теміртау қаласы аумағында қаржы пирамидасын құру фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство мәліметінше, 2020 жылы Г.С. Нарымбетова есімді әйел жалған ақпарат беру арқылы азаматтардан ақшалай қаражат алған.

«Мәселен, ол қаржы схемасын құрып, онда тартылған ақша қаражаты бойынша кіріс оларды пайдалы активтерге салу есебінен емес, жаңа инвесторлардан 200 000 теңгеден 25 000 000 теңгеге дейінгі сомадағы ақшалай қаражатты тарту есебінен салым сомасының 10%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерде төленетінін айтқан.

Қылмыстық әрекеттен анықталған залал 222 млн теңгеден асты, оның 131 млн теңгесі сотталушының өз еркімен өтелді», — делінген хабарламада.

Сот үкімімен Гүлзат Серікқызы Нарымбетова 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также