Синоптиктер 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, шығысында қар жаууы мүмкін», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, Қазақстан Республикасының шығысында, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады.
Жетісудың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде қатты қар күтіледі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған қар жауады. Шығыстан соғатын жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -12-14 градус болады.
Алматыда бұлтты, жауын-шашынды, кей уақытта қатты жаңбыр жауып, тұман түседі. Жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +2+4, күндіз +5+7 градус болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +14+16 градус болады.