Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Әлихан Смайылов Үкіметке алдағы 7 жылға арналған тапсырма берді

Поделиться:

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов алдағы 7 жыл бойынша Үкіметке тапсырма берді, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

«Баршаңызға мәлім, 20 қарашада елімізде Президент сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Оның кандидатурасын парламенттік партиялар мен ірі қоғамдық ұйымдарды біріктірген Халықтық коалиция ұсынған болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасына Қазақстан халқы жаппай өз қолдауын білдірді. Үкіметтің алдағы жеті жылдағы негізгі міндеті – сайланған Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын сапалы әрі нәжителі түрде іске асыру», — деді Әлихан Смайылов.

Ол экономикада, әлеуметтік салада және өңірлік саясаттағы түбегейлі оң өзгерістер осы сайлауалды бағдарламаның негізі екенін атап өтті.

«Барлық мемлекеттік орган мен ведомстволар осы мақсат үшін, яғни Әділетті Қазақстан құру жолында халықтың мүддесіне сай күш біріктіріп, жұмыла еңбек етуі тиіс. Біз әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған барлық стратегиялық құжаттың, бағдарламалар мен жобалардың нақты іске асуын қамтамасыз етуіміз керек. Үкіметтің жұмысы негізінен экономиканы демонополизациялауға, кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға және азаматтардың табысын арттыруға, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуға және халықтың табысын арттыруға бағытталады», — деді ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также