Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Отандық күріш ішкі нарыққа толығымен жетеді – АШМ

Поделиться:

Қазақстанда жиналған күріш ішкі сұранысты толығымен өтеуге жетеді. Ал артылған өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, биыл күріш өсірушілер 486,9 мың тонна аршылмаған өнім жинады.

Рефракциядан кейін жалпы көлемі 442,5 мың тоннаны құрады. Соның тең жартысынан күріш жармасы шығады. Осылайша, өңдеуден кейін қоймаларға, шамамен, 221,2 мың тонна дайын күріш түседі.

«Ішкі нарықтың жыл сайынғы қажеттілігі шамамен 165 мың тоннаны құрайды, бұл өндірілген көлемнен аз. Ал былтырғы қалдықтар мен жаңадан жиналған өнім Қазақстан халқының күрішке деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болады», — дейді министрлік мамандары.

Оған қоса, артық өнімді басқа елдерге экспорттауға мүмкіндік бар. Биыл 8 айдың ішінде 67,8 мың тонна экспортқа шығарылды.

Айта кетері, 2022 жылы Қазақстанда күріш 87,8 мың гектарға егілді. Былтыр 8,4 мың гектарға артық болған. Күріш алқаптарын қысқартудың негізгі себебі – вегетациялық кезеңде болатын су тапшылығы.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также