Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болады

Поделиться:

Синоптиктер 22 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында қар жаууы мүмкін», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын соғады.

Түркістан, Жетісу облыстарының таулы аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман түседі. Батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы солтүстік-батыстан 2-7, күндіз секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз -6-8 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашын жауады, кей уақытта қатты (негізінен жаңбыр) жауып, тұман түседі. Жел жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -24, күндіз +6+8 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз +10+12 градус болады.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также