Алматы қаласының Полиция департаменті қаладағы лицейлердің бірінде оқушының суицид жасамақ болғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Полиция өкілдері лицейлердің бірінде оқушының өз-өзіне қол жұмсауға тырысқаны және жансақтау бөлімінде жатқаны туралы ақпаратқа пікір білдірді.

«Аталмыш дерек бойынша тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша бұған ата-анасымен болған жанжал себеп болуы мүмкін. Жағдайлар мен себептер анықталуда. Қыз ауруханада жатыр. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», — деп хабарлады қалалық ПД өкілдері.