Дәрігер сүт бездерінің қандай өзгерістеріне назар аудару керектігі жөнінде бірнеше кеңес ұсынды. Айтуынша:

Сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқастарды химиотерапия, сәулелік терапия, радикалды хирургиялық араласу сияқты мамандандырылған емдеумен қатар, елімізде әйелдерге реконструктивті-қалпына келтіру (пластикалық) операциялары қолданылады. Бұл емдеу әдісі косметикалық ақауды жоя отырып, радикалды емдеуден кейін бірден жетіспейтін сүт безін хирургиялық модельдеуден тұрады. Сүт безі қатерлі ісігінің реконструктивті операциялары әйелге сүт безінің пішінін қалпына келтіруге және айтарлықтай психологиялық дискомфорттан арылуға мүмкіндік береді, — деп атап өтті бас онколог.

Сонымен қатар дәрігер ел аумағында кез келген қатерлі ісікті емдеу тегін екенін ескертті.

Республикамызда барлық онкологиялық ауруларды емдеуді ТМККК шеңберінде мемлекет толығымен қаржыландырады. Сондай-ақ ертең, 15 қазанда елдегі барлық онкологиялық ұйымдарда маммологтар бірыңғай Ашық есік күнін өткізетінін айтқым келеді. Әйелдер мен қыздарға сүт безінің патологиясын ерте анықтау үшін тегін тексеруден өтіп, дәрігерлерден білікті кеңес алуға мүмкіндік бар, — деді Диляра Қайдарова.