TikTok үшін түсірген: автобуста орын бермеген жігіт оқиғаның мән-жайын түсіндірді

Поделиться:

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, жұртшылықтың ашу-ызасын туғызған оқиғаға қатысты видео авторы түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Видеода қоғамдық көлік орындығында отырған жас жігіттің егде жастағы әйелге орын бергісі келмей, ашулана айғайлап жатқан сәті түскен.

«Менің орын бергім келмейді. Сізді, үлкен кісілерді сыйламаймын. Болды ма? Бермеймін орын! Не істейсіз ал?!» — деп жас жігіт әйелге дүрсе қоя береді.

Кадрдан жігіттің әйелге орын бермегенімен қоймай, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орынға отырып алғаны байқалады. Автобустағы өзге жолаушылар екеудің жанжалына үнсіз қарап қалған.

Белгілі болғандай, астаналық тұрғын видеоны TikTok-та әлеуметтік эксперимент үшін түсірген екен. Тіпті, сол видео үшін арнайы актриса жалдапты.

Автор видеоның толық нұсқасын өзінің TikTok парақшасында жариялады.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также