ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті еліміздің бірқатар өңірінде коммуналдық қызметтерге тарифтердің төмендегені туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тамызда табиғи монополиялар субъектілерінің 2020-2021 жылдарға тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау туралы есептерін қарау нәтижелері бойынша еліміздің бірқатар өңірінде коммуналдық қызметтерге тарифтердің жалпы сомасы 9,05 млрд теңгеге төмендеді», — делінген комитет хабарламасында.

Бүгінгі күні ТМС-ның  2021 жылғы есептеріне талдау жүргізу шеңберінде 12 өңірде, атап айтқанда Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстары бойынша мынадай салаларда: сумен жабдықтау – 162 млн тг, жылумен жабдықтау –  379 млн тг, су бұру – 22 млн тг, электр энергиясын беру – 37 млн тг, тауарлық газды тасымалдау – 9 млн тг жалпы сомасы 609 млн теңгеге тарифтер қосымша төмендетілді.

«Соның нәтижесінде, қазіргі уақытта бекітілген УӨТ жалпы сомасы (бұрын аталған сомаларды ескере отырып) 9,66 млрд теңгені құрайды. ТМРК монополист-субъектілердің есептеріне талдау жұмыстарын жалғастыруда, нәтижелері  қосымша  хабарланатын болады», — делінген хабарламада.