2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қаңтарына дейін теңіз шекарашылары мемлекетке 575 миллион теңгеден астам залалдың алдын алды, - деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, тек екі ай ішінде (2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін) шекарашылар теңізде 23 жүзу құралына мінген 45 құқықбұзушыны ұстаған.
"73 шақырымнан астам браконьерлік кәсіптің құралдары (балық аулау торлары) алынды, теңізге 1 905 бекіре тұқымдас (373) және ұсақ балықтар (1 532) жіберілді және 1 миллион 130 мың теңге көлеміндегі айыппұлдар салынды. Мемлекетке келетін 575 миллион теңгеден астам сомадағы экономикалық залалдың алды алынды", - делінген хабарламада.
Шетелдік және қазақстандық браконьерлер аумақтық су режимінің негізгі заңбұзушылары саналады. Олар жылдам жүзетін жүзу құралдарын пайдаланатыны айтылды.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии