Қазақстанда 4 ақпанда елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.Солтүстікте қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі, батыста жауын-шашын жауып, көктайғақ болады, деп хабарлады Қазгидромет.
Республика бойынша кей жерде тұман болып, жел күшейеді. Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, күндіз таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырау облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман түседі, облыстардың шығысында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады.
Қостанай облысының солтүстігінде, түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Аталған облыстардың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман түседі.
Ақтөбе облысының Мұғалжар стансасында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Қарағанды облысының батысында желдің жылдамдығы 18 м/с болады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, түнде шығысында тұман түседі.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии