Үкімет Парламент депутаттарына, Үкімет мүшелеріне және әкімдерге жалақыны көтеруге қатысты мораторий жариялау туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Primeminister.kz .
"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау барысында "Парламент депутаттарына, Үкімет мүшелеріне және барлық деңгейдегі әкімдерге еңбекақыны арттыруға мораторий енгізу туралы" қаулы қабылданды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" қаулыға өзгерістер енгізілді.
Құжат жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтерді іріктеу критерийлерін бекітуді көздейді. Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру бөлігіндегі шешімдері мемлекеттік мүлік және квазимемлекеттік сектор субъектілері тізілімінің веб-порталдарында жарияланады.
11 қаңтарда Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерінің, депутаттар мен әкімдердің жалақысы мәселесі былтыр жыл аяғында көп талқыланғанын айтты.
"Менің ойымша, олардың жалақысы жеткілікті. Сондықтан олардың жалақысын көтеруге 5 жылдық мораторий жариялауға болады. Бұл депутаттар үшін жақсы жаңалық емес екенін түсінемін, бірақ сіздер түсіністікпен қарайсыз деп ойлаймын. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мен бюджет қызметкерлерінің жалақысын мүмкіндігінше көтеруді жалғастырамыз", - деді сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии