Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарлары мен Талдықорған полиция басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы ІІМ өкілі мәлімдеді.
Ресми сұрауға жауап ретінде ведомство өкілі министрліктің тәртіптік комиссиясы төтенше жағдай режимі кезінде Алматы облысы ПД басшылығының өз міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша қызметтік тергеу материалдарын қарағанын мәлімдеді.
"ІІМ-нің 2022 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығы бойынша, Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарлары мен Талдықорған Полиция басқармасының бастығы қызметінен босатылды", - деді ведомство өкілі.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии