Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі қызметінен босатылған Мұрат Бектанов Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезеңінде командир ретінде қабілетін көрсете алмағанын мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштерге деген талап күшейе түскеніне тоқталды.
"Әскер Тәуелсіздігіміздің тірегі болып, мемлекет мүдделерін қорғауы тиіс. Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы Күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылықтың кесірінен жүктелген міндеттерді өз деңгейде атқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады. Командалық-штабтық және әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен әскеріміз бола тұра, сын сағатта оның әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық", - деді ол.
Бұған дейін Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымына тағайындалғаны хабарланды.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии