Нұр-Сұлтан қаласында 16 жастағы жасөспірім мен оның 20 жастағы досы Қабанбай батыр даңғылындағы дүкеннен 13 құты сусабын ұрлап, ұсталды.
Олар ұрланған заттарды белгісіз адамдарға арзан бағада өткізбек болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасаған күдіктілер ұсталып, заттай дәлелдемелер алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілердің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім ювеналды полиция қызметкерлері тарапынан ерекше бақылауға алынды. Ал жасөспірімнің заңды өкілдеріне қатысты баланы тәрбиелеуде міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, шағын және орта бизнес нысандарын бейнебақылау камералары мен күзетпен жабдықтауға кеңес берді.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии