Байқоңыр қаласында террористік қауіптің жоғары "көк" деңгейі енгізілді, - деп хабарлайды қала әкімшілігі сайты.
"Құқық қорғау органдарынан түскен террористік акт қаупі туындауы мүмкін екені туралы және оның жасалуына қарсы іс-қимыл ұйымдастыру туралы ақпаратқа байланысты Байқоңыр қаласының терроризмге қарсы комиссиясының төрағасы, әкімшілік басшысы Бусыгин Байқоңыр аумағында террористік қауіптің жоғары "көк" деңгейін енгізу туралы шешім қабылдады. Ол 2022 жылғы 19 қаңтар сағат 12.00-ден 3 ақпан сағат 12.00-ге дейін, 15 тәулік мерзімге белгіленген", - делінген хабарламада.
"Байқоңыр аумағында құқық қорғау органдары азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар қабылдап жатыр.
Азаматтарға ұсынылады:
Көшеде, адамдар көп жиналатын жерлерде, қоғамдық көлікте мыналарға назар аударыңыз: адамдардың сыртқы келбеті (киім жыл мезгіліне сәйкес келмейді немесе оның астында қандай да бір бөтен зат бар т.с.с. сияқты);
өзгелердің мінез-құлқындағы оғаш қылықтар (күйгелектік, жан-жаққа үнемі қарау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінен қашу әрекеттері);
қараусыз қалған көліктер, күдікті заттар;
барлық күдікті жағдайлар туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға;
құқық қорғау органдарына көмек көрсету;
құқық қорғау органдары талабына түсіністікпен және шыдаммен қарау;
бейтаныс адамдардан сәлемдемелерді, жәшіктерді, сөмкелерді, рюкзактарды, чемодандарды және басқа да күмәнді заттарды, тіпті уақытша сақтауға, сондай-ақ тасымалдауға алмау. Күдікті заттар табылған жағдайда оларға жақындамаңыз, оларды ұстамаңыз, ашпаңыз немесе жылжытпаңыз, электромагниттік сәулеленуі жарылыс тудыруы мүмкін жылжымалы және радиобайланысты қолданбаңыз;
отбасындағы қарттар мен балаларға көшеде немесе подъезден табылған кез келген зат өміріне қауіп төндіретінін түсіндіру;
ақпараттардан хабардар болу (теледидардағы, радиодағы, интернеттегі жаңалықтарды бақылаңыз).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии