ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерден атыс қаруы жасырылған орынды тапты.
Жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік йір ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
14 қаңтарда «Қордай» (автокөліктік) өткізу пунктінде жеңіл автокөлікпен келе жатқан Қырғызcтанның «С» есімді азаматы ұсталды. Тексеру кезінде көліктің жүк бөлігінен 50 дана литерлік мөрлер, 4 дана шетелдік паспорттар мен 20 дана банктік карталар табылды.
Ұсталған азамат Қордай ауданы бойынша АІІБ-ға тапсырылды.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии