ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің басшысы Гүлмира Кәрімова Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының бірінші сынып оқушылары дәстүрлі форматта оқитынын айтты.


Оның айтуынша, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқытылады. Ал өздігінен компьютер қоса алмайтын 1-2 сынып оқушылары дәстүрлі форматта білім алады.

1-2 сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескергендіктен, олар дәстүрлі форматта оқитын болады. 6-7 жастағы бірінші және екінші сынып оқушылары сапалы білім алу үшін компьютер мен платформаны өз бетімен қоса алмайтынын бәріміз түсінеміз.


Ал 3-5 сынып оқушылары кезекшілік топтарында оқитын болады.

Мектепте оқушы саны 600-ден аз болса, оқу процесі әдеттегідей өтеді. Барлық ауыл мектептері де оқуын дәстүрлі форматта жалғастырады.