Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаманда тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурызбай аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім Райымбек даңғылының бойында орналасқан ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінген.
Жәбірленуші тонау салдарынан келтірілген материалдық шығынды 2 миллион теңгеге бағалаған.
Ұрланған мобильді құрылғылар мен гаджеттерді полиция қызметкерлері күдіктінің жалға алған тұрғын үйінен тапты.
Заттай айғақтар тәркіленді. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии