Ержан Қазанбаев Сауда комитетінің төрағасы болып тағайындалды

2022-01-15 12:19:10
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Ержан Қазанбаев Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ержан Қазанбаев 1983 жылы 28 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Алматы технологиялық университетін және Абердин университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы "Экспресс Банк" АҚ комплаенс-бақылаушы ретінде бастаған.

2009 жылы - "Алматылифт" ЖШС қаржы мәселелері жөніндегі бас директоры.

2010-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы.

2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару саясаты және қаржы секторын дамыту департаментінің басқарма басшысы.

2013-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментінің орынбасары және директоры.

2019-2020 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2020 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министрі болған.