Алматыда балабақшалар қашан ашылатыны белгілі болды

2022-01-15 08:18:14
Алматыда балабақшалар 20 қаңтардан бастап жұмысын қайта бастайды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Төтенше жағдайға байланысты Алматыдағы барлық оқу және мектепке дейінгі мекеменің қызметі тоқтатылған болатын.

Бейінді ведомство басшысы 31 қаңтарға дейін мектептерде сабақтар қашықтан өтетінін мәлімдеді. Айта кетейік, сабақтар 17 қаңтарда басталады.

ЖОО мен колледж студенттері аралас форматта оқиды: дәрістер - онлайн, практикалық сабақтар - офлайн. Қосымша білім беру мекемелерінде 10 адамға дейін топпен оқуға болады, жеке сабақтар штаттық режимде өткізіледі.