Қазақстанның қорғаныс министрлігі ауыр жұмыстан оралған әскери қызметкердің кішкентай ұлымен кездескен сәті түсірілген видео жариялады.

Министрлік мәліметінше, кадрда – келісімшарт бойынша істейтін әскери қызметкер, ефрейтор Асқар Ерасыл мен кішкентай Әділет.
Қазақстанның бірнеше өңірінде бүлік кезінде ондаған адам қаза тапты. Ата-аналар ұл-қызынан, ал балалар әке-шешесінен айырылды.

Мына жүрек елжіретерлік видео бұл өмірде ең бастысы – бейбітшілік, махаббат және отбасы екенін еске салады.