Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған 4 жасар Айкөркем Мелдеханның отбасына барып, көңіл айтты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Қала әкімі қайтыс болған бүлдіршіннің әкесі Айдос Мелдіханұлы мен анасы Динара Адамоваға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтты.
«Қайғылы жағдайға байланысты тәртіпсіздік барысында 4 жасар Айкөркем көз жұмды, ал оның 15 жастағы әпкесі Жәнел жарақат алып, реанимацияда жатыр.
Б. Сағынтаев Жанельдің сауығып кетуін, ата-анасына сабырлылық пен шыдамдылық тіледі. Отбасына материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, оларға 3 бөлмелі пәтер беріледі», - делінген әкімдік хабарламасында.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии