Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды ҰҚК-нің сайты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер дерегі бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары - "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет. Ерғожин ұсталды.

Тергеу жалғасады.