Қанат Мусин әділет министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысында жазылған.

Қанат Мусин 1966 жылғы 27 ақпанда Целиноград (Астана) қаласында дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Аға әдiлет кеңесшiсi, қаржы полициясының полковнигі.

1984-1986 жылдары Целиноград қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы.

1986-1989 жылдары "Целиноградоблгазтоп" өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты.

1989-1998 жылдары Целиноград қаласының, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, Астана қаласы прокурорының орынбасары.

1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары.

2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары.

2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңес аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары.

2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы.

2016 жылдың наурызынан бастап алтыншы сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап жетінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты-Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.

"Ерен еңбегі үшін", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", "Астананың 10 жылдығы" медальдарымен, құқық қорғау органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.

Үйленген, үш баласы бар.