Айбек Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы лауазымына тағайындалды.

"Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Айта кетейік, Айбек Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылған.