Қазақстанның жаңа премьер-министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысынан тапсырма алды.


"Экономикалық блог соңында айта кетейін, бүгін жаңа премьер-министрді тағайындадық. Біз бірқатар нақты міндет қойдық. Премьер-министрге үш апта ішінде 2022 жылға арналған Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын дайындауды тапсырамын. Оны ақпанның басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырамыз", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Бұған дейін Әлихан Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалғаны хабарланған болатын.