Алматыда Медеу ауданының полицейлері тонаумен айналысқан Маңғыстау облысының бес тумасын ұстады. Оларда түрлі сауда үйлерінен ұрланған заттай айғақ табылған.
Ұсталғандар тәркіленген заттарды тонап алғанын мойындады. Сондай-ақ, олардан әскери қызметшілерге тиесілі шу гранаталары, бас киімдер, сауыттар мен қалқандар тәркіленген.
Дерек бойынша ҚР ҚК-ның 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу" және ҚР ҚК-нің 188-бабы "Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау" бойынша соталды тергеу басталған.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық іс сотқа жолданады.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии