Алматы облысында шетелдіктер ауыл тұрғынын өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
25 қазанда полицияға Қосөзен ауылындағы үйлердің бірінің жанынан мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған факт ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Қаза тапқан Жапек батыр ауылының 45 жастағы тұрғыны болып шықты, – деп нақтылады облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Төрт күннен кейін полицейлер жұмысқа келген Өзбекстан мен Тәжікстанның екі азаматын ұстады. Ұсталғандар кісі өлтіргенін мойындады. Күдіктілер УҰИ-ға қамалды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде сәйкес, жария етуге жатпайды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деп қорытындылады ПД.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии