18 қазанда полицияға Рысқұлов көшесіндегі қоқыс жәшігін тазалау кезінде жаңадан туған сәби өлі табылғаны туралы хабар түскен.
"Оқиға орнында "ЛТД-Тұрмыс" ЖШС қызметкерлері күн сайынғы тазалық жұмыстары кезінде қоқыс контейнерінде жатқан пакеттің ішінен нәрестенің мәйітін тауып алған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша соталды тергеу басталды", - деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Полиция департаменті өкілдері Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында жария етуге жатпайтынын айтты.
Комментарии