Диспетчерге оқиға орнына дәрігерлердің келуін тездету туралы ақпараттық хабарлама жіберіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының оқу-тренинг орталығының жетекшісі Болат Тайбековтың айтуынша, бірінші кезекте мекен-жайды хабарлау қажет.

Көше атауын, үй нөмірін, жол-көлік оқиғасы орын алған маңдағы жақын орналасқан жалпыға мәлім ориентирлерді атаңыз, - деп түсіндірді ол брифинг барысында.
Сарапшы мүмкіндігінше зардап шеккендердің санын, олардың жынысы мен шамамен жасын, жай-күйін, есін жоғалтқан ба, тыныс ала ма, қан кету мен сынықтар бар-жоғын хабарлауға кеңес береді.

Диспетчердің қоңырау қабылданғаны туралы хабарламасын күтуді ұмытпаңыз. Жауап бермейінше, тұтқаны қоймаңыз. Бұл қоңыраулар жедел жету үшін, бригадалардың саны мен профилін дұрыс анықтау үшін өте маңызды.