Марқұм Евгения Леонтьеваның туысы секіру талоны оның 33 жасына арналған сыйлық болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірақ бұл сыйлықты кім жасағанын айтпады.
"4 қазанда Женяның туған күні болды, ол 33-ке толды. Артында үш баласы қалды: екеуі - өз баласы, біреуі - күйеуінің қамқорлыққа алған жиені. Өмірге құштар, мейірімді жан еді, балаларымен демалысқа барды. Диванда отырғанда, ештеңе істемегенде, бұл жағдай болмас еді. Ол дүкендер желісінде жұмыс істейтін. Бұған дейін екі рет секірді, бәрі жақсы болды, бірақ біз оны көндіруге тырыстық. Ол секіргеннен кейін "қайтадан туғандай боласың" дейтін", - деді Марина.
Желіде оның екі рет сәтті секірген видеосы бар.
Ол секіруге сертификат берген адамды кінәлі санамайтынын және оның атын жарияламайтынын айтты.
"Ұйымдастырушыларды білмеймін, "Fly" компаниясы деп естідім, бірақ ол жерден ешкімді танымаймын. Негізі басқа жерден секіру керек еді, бірақ "Совзвездие" қонақ үйіне ауыстырды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ақпаратты жарияламау туралы қағазға қол қойдық, басқа ештеңе айта алмаймын", - деді туысы.
Қарағандыда секіруді ұйымдастыратын компанияның ұйымдастырушыларының бірі Ресей азаматы екені белгілі болды және жақын танысының айтуынша, ол қазір көрші мемлекетте.
Еске салайық, ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии