Ақмола облысында жоғалған ер адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.
9 қазанда Шортанды мен Дамса ауылдары арасындағы ормандардан іздестіру шаралары кезінде 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Марқұмның денесі Нұр-Сұлтан мәйітханасына жіберілді. Сараптама тағайындалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
7 қазанда полицияға Шортанды ауылының 42 жастағы тұрғынының жұбайы, 1974 жылы туған Бимурзенов Сағындық Қасанаұлына іздеу салу үшін арыз берген. Ер адам 6 қазанда сағат 14:00 шамасында көк түсті "Урал" маркалы велосипедімен үйден шығып, қайта оралмаған.
Жоғалған адамдарды іздеуге облыстық полиция департаменті мен Шортанды ауданының өрт сөндіру бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды, - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Іздестіру шараларына еріктілер де қатысты. Сүңгуірлер облыс аумағындағы су қоймаларын тексеріп шыққан.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии