Елорданы қар басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
4 қазан кешке жауып бастаған қар, түнімен жауды. Таңертең Нұр-Сұлтандағы көліктер мен жолдарды, аулаларды басып қалды. Жауын-шашын осы уақытқа дейін тоқтап қалған болатын.
Елорда жолдарында көктайғақ байқалады. Көп жүргізушілер қысқы дөңгелек салып үлгерген жоқ.
Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті, автокөлік иелеріне жазғы дөңгелекті қысқы дөңгелекке тез ауыстыруды ұсынды. Сондай-ақ тұрғындардан жолдарда өте мұқият, абай болуды, белгіленген жылдамдық режимін асырмауды, күрт тежеуге жүгінбеуді, қашықтықты сақтауды сұрайды.
Елордада бір тәулік ішінде 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше сақ болуға кеңес берілді.
"Өз қауіпсіздігіміздің мүддесі үшін құлаққаптарды алып тастауға және жолды кесіп өткен кезде телефонмен сөйлесуді тоқтатуға кеңес береміз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!"- делінген полицияның үндеуінде.
Алдағы үш күндегі ауа райы болжамына келетін болсақ, синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Жауын-шашынмен тұман, көктайғақ күтіледі.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии