Облыстық ветеринария басқармасы елорда іргесіндегі Целиноград ауданының Жалғызқұдық ауылында 300-ге жуық құс өлгенін мәлімдеді.
Олардың бәрі бір адамға тиесілі болған. Сараптама нәтижесінде 288 тауық, үйрек және қаздың құс тұмауына шалдыққаны анықталған. Қазір ауданның мал дәрігерлері, ауру ошағын залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған ауданда екі бірдей құс фабрикасы бар. Алайда, олар жабық ғимаратта орналасқан, ондағы құстарға қауіп төніп тұрған жоқ, – дейді ветеринарлар.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии