30 қыркүйекке қараған түні сағат 00:34-те Нұр-Сұлтан қаласында Toyota Camry тізгіндеген 19 жастағы жігіт Сарайшық бойындағы көпірден (Есіл өзені) қатты жылдамдықпен келе жатып, қары жолаққа шығып кетті. Нәтижесінде, ол 28 жастағы жүргізуші басқаратын Nexıa Ravon көлігімен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан 5 адам оқиға орнында қайтыс болды: 2 жүргізуші, 3 жолаушы. Toyota Camry көлігінде болған жолаушылардың бірі ауыр халде қалалық ауруханаға жеткізілді.

Бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) қылмыстық іс қозғалды.