Қазақстандық белгілі диджей Imanbek (Иманбек Зейкенов) әйгілі GQ "Men of the year 2021" ерлер журналының "Жыл жаңалығы" номинациясы бойынша премияға ие болды.

Бұған дейін Иманбек әлеуметтік желіде өзіне дауыс беруге үндеген. "Кәне, оларға не істей алатынымызды көрсетейікші", - деп жазды ол өз парақшасында.


GQ журналы түрлі номинация бойынша жеңіске жеткендер тізімін жариялады.


Иманбек желіде премия алу сәтінен кадрлар жариялады
"Grammy сыйлығы, түрлі аудиоплатформалардағы миллиардтаған тыңдарман мен әлемдік музыкалық компаниялар және лейблдармен келісімшарт. Биыл барлық жерден естілген рэпер SAINt JHN-нің Roses трекін жасаушы қазақстандық жас диджей мен продюсер Иманбек Зейкенов үшін бұл тек бастамасы деген сенімдеміз", - деп жазды GQ.

Бұл номинация бойынша Иманбектің қарсыласы ресейлік актерлер Евгений Сангаджиев, Владимир Онохов, Федор Федотов, сондай-ақ рэп-орындаушы Soda Luv болатын.

Иманбек GQ сыйлығына үміткер жалғыз қазақстандық емес. Белгілі стендап-комик Евгений Чебатков "Экрандағы бейне" номинациясында бақ сынап көрді. Алайда сыйлық актер және видеоблогер Антон Лапенкоға бұйырды.


Белгілі музықалық орындаушы Скриптонит "Жыл музыканты" номинациясына қатысты, алайда оны музыкант Feduk еншіледі.

"Жыл продюсері" номинациясынан үміткер Тимур Бекмабетовтың да байқауда жолы болмады.