Қазақстанға Sinopharm фармкомпаниясы өндірген Verocell вакцинасының 3 млн дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға өзінің Facebook -тегі парақшасында жазды.

«Қазақстанға Verocell Sinopharm (ДДСҰ мақұлдаған) вакцинасының 3 миллион доза кезекті партиясы жеткізілді», - деп жазды министр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ел азаматтары үшін қазақстандық Qaz-Vac , ресейлік Sputnik-V және қытайлық Veroсell – sinopharm вакциналары қолжетімді.