Netflix стрим-каналында көрсетіліп жатқан Q-Force атты мультсериалдың кейіпкерлері қазақ тілінде диалог құрды. Белгілі болғандай, мультсериалдағы кейіпкерлердің басым көпшілігі - ЛГБТ өкілдері. Мультсериал желісі бойынша, тыңшылықпен айналысатын ЛГБТ өкілдері олардың қабілетіне күмән келтіргені үшін өздерін агенттікке дәлелдемек болады.

Кейіпкерлердің бірі «Сен Қазақстаннансың ба?» деп сұрайды. Оған екіншісі «Қазақша білетін шетелдіктерді өте сирек кездестіресің...» деп жауап береді.

Әзірше Netflix-те шыққан Q-Force туындысының алғашқы 10 сериясы көрсетілді.

Ашық дереккөздерде мультсериалдың режиссері «Спирит Бостандық рухы», «Крудстар отбасы» атты балаларға арналған анимациялық сериалына қатысқан Джош Табак екені айтылған.