Алматыда екі бала 9 қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Наурызбай ауданында 3 және 5 жастағы балалардың қаза болуына байланысты ата-аналарына көңіл айтамын. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жазатайым оқиға салдарынан болған», - деп жазды Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-де.

Полиция департаментіне оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, объективті тергеу жүргізу тапсырылды. Әкім жағдайды жеке бақылауда ұстайды.